2023 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстандағы Еңбек күнін мерекелеу аясында колледждің әлеуметтік серіктесі «METRO» СО базасында Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің «Маркетинг» мамандығы 2 курс студенттеріне арналған экскурсия сабағы ұйымдастырылды. Экскурсия студенттердің теориялық білімдерін кәсіптік оқытумен байланысы туралы қосымша ақпарат алу мақсатында өткізілді: онда студенттер өндірістік оқытудан өтудің заманауи базасымен танысты, кәсіпорынның маркетингтік стратегияларын, өткізу арналарын және жоспарлау ережелерімен, халық тұтынатын тауарлардың ассортименті, сауда алаңында тауарларды орналастыру, жарнама түрлері, тұтынушыларды ынталандыру әдістері, заманауи сауда-технологиялық құрал-жабдықтар мен инвентарлар, тауарларды өткізу және қосымша қызметтерді көрсету әдістерімен танысты.