Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«Түпкілікті нәтижеге бағдарланған білім беру, мамандардың жоғары кәсіби сапаларын қамтамасыз ететін оқытудың заманауи инновациялық технологиялары» педагогикалық ұжым жұмысының әдістемелік тақырыбы стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттерімен үйлестірілген және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

- оқу процесін оңтайландыру, оқытудың жаңа оқу бағдарламаларын қолдану арқылы оқу үдерісін қамтамасыз ету;

Жаңа ақпараттық және интерактивті технологияларды енгізу негізінде оқу сабақтарының сапасын арттыру үшін педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өту үдерісін белсендіру. Педагогтер мен студенттерді ғылыми-зерттеу, эксперименттік, жобалық жұмыстарға тарту.

Шығармашылық апталықтар мен әдістемелік күндерді сапалы дайындау және өткізу, сонымнен қатар бұл шараның колледж басшылығы мен педагогикалық ұжымының педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатындағы рөлін арттыру. Білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибені жалпылау мен көрсетудің белсенді формаларын пайдалану.

Сабақтардың барлық түрлерін жоғары әдістемелік деңгейде өткізу үшін оқу процесінің оқу-әдістемелік қамтамасыздығын дамыту

- кәсіптік модуль пәндерін оқытатын оқытушылардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру.

Педагогикалық және кәсіби құзыреттілігін арттыру.

«ЖАС ПЕДАГОГ МЕКТЕБІ» ОТЫРЫСТАРЫ

Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби және педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын тәжірибеде жетік қолдана алу мақсатында қалыптастыру

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ

Мақсаты: Арнайы пәндер оқытушыларының психолого-педагогикалық құзыреттілігін арттыру

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ, ТАҒЫЛЫМДАМА КУРСТАРЫ

Мақсаты: Психолого-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, инновациялық, интербелсенді, өндірістік технологияларды игеру

ПЕДАГОГТАРДЫ АТТЕСТАТТАУ

Мақсаты: Педагогикалық ұжымның педагогикалық және кәсіби деңгейін көтеру, педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА, КОНКУРСТАРҒА, ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАТЫСУ

Мақсаты: Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және зерттеушілік әлеуетін арттыру. Студенттердің зерттеушілік қасиетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Колледждің әдістемелік жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшін Сандық әдістемелік кабинет (СӘК) құрылды, онда компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинақтау үдерісі ұйымдастырылған. Қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін барлық ақпарат (нормативтік, әдістемелік және т.б.) электронды түрде ұсынылған. Сондықтан Сандық әдістемелік кабинеттегі оқытушылардың жұмысы келесі мәліметтерді іздеу уақытын айтарлықтай үнемдейді:

- нормативтік құжаттарды;

- оқу-әдістемелік құжаттарды;

- анықтамалық және басқа ғылыми-әдістемелік ақпараттарды.

Қажетті құжатты тапқан оқытушылар оны электронды және қағаз түрінде де пайдалана алады, қажет болған жағдайда басып шығара алады. СӘК негізгі бөлімдері:

«ҚР ТжКПҰ бойынша нормативтік құжаттар»

«Ережелер, нұсқаулар»

«Оқу жоспарларцы. Білім беру бағдарламалары»

«Жас Педагог Мектебі»

«Педагогикалық конференциялардың конкурстардың материалдары».

Колледж оқытушыларымен келесі оқу-әдістемелік құжаттар әзірленді:

- курстық және дипломдық жобалауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар (арнайы пәндер үшіән);

- барлық пәндер бойынша тест түріндегі тапсырмалар жинағы (ағымдық, аралық және бақылау тестілеуі);

- пәндер бойынша дидактикалық материалдар жинақтары;

-  таратпа тақырыптық материалдар жинақтары;

- мамандықтар бойынша ОӘК;

- ашық сабақ мен шаралардлы әзірлеу;

- әдістемелік құралдарды, нұсқаулықтарды, электрондық оқу құралдарын әзірлеу

Оқытушылардың біліктілгін арттыру:

- біліктілікті арттыру курстары; оқытатын семинарлар;

- кәсіпорындардағы тағылымдамалар; жеке кеңестер;

- ашық сабақтар мен шаралар; тәлімгерлік;

- қалалақы әдістемелік бірлестіктерге қатысу.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату:

- оқытушыларды аттестаттау;

- шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушылардың материалдарын жүйелеу және жалпылау;

- зерттеу нәтижелерін тіркеу (баяндама, журналдағы мақала, көрнекі материал);

- білім беру процесіне инновациялық әзірлемелерді тарату және енгізу; шеберлік сыныптары;

- әдістемелік күндер

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.