Есеп және аудит
Мамандығы: 04110100 "Есеп және аудит"
Біліктілігі:4S04110102«Бухгалтер», 4S04110103 «Мемлекеттік сатып алу менеджері»
Жұмысшы мамандығы:
Біліктілігі: 3W04110101 «Бухгалтер-кассир»
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдері
Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай,
11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
Бухгалтер – еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Кез келген ұйым штаттық кестесінде бухгалтерді қамтиды, ал ірі ұйымдарда тіпті бірнеше учаскесі белгілі бір бухгалтер айналысады. Негізі бухгалтердің қызметі есептерді және шоттарды жүргізу болып саналады. Бүгінгі күні бухгалтердің қызметі маңызды өзгерді. Заманауи бухгалтер шоттарды жүргізумен қатар, жоспарлауды және шешімдерді қабылдауды, бақылау мен бағалауды, қызметті шолу мен аудитті қоса алғанда, қызметтің кең түрін жүзеге асырады. «Есеп және аудит» мамандық студенттерінің оқу практикасын нәтижелі өту мақсатында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Студент» оқу-практикалық лабораториясы ашылды.
Мамандықтың артықшылығы: мамандықтың студенттерді өндірістік практика базаларымен қамтылған, 3 курста, студенттерге арнайы пәндерден сабақты практикалық қызметкерлер береді.
Кәсіби мансабы – бас бухгалтер, аудитор, қаржы бойынша кеңесші, қаржы директоры.
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР
«Бухгалтер» келесі практикалық құзыреттіліктерді меңгеруі керек:
- Қаржы тәртібін сақтауға, салық және өзге де міндетті төлемдерді уақытында төлеуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысу
- Бухгалтерлік баланс, өнім, пайда өндіруге кеткен қаражаттың кіріс және шығындар есебін жасау үшін деректер жинау
- Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік, статистикалық, салықтық есептеулерін белгіленген уақытында жасау
- Ұйымның бюджеттік жоспарын құру, капиталдық салымдардың тиімділігін талдау, қаражатты пайдалануды бақылау
- Бухгалтерлік есептің бөлімдері бойынша құжат айналымын ұйымдастыра алу, бастапқы есептік құжаттарды толтыра білу және бухгалтерлік есепке алудың есебінде негізгі құралдардың, тауардық-материалдық құндылықтар, ақшалай қаражат айналымдары, ұйымдармен, бюджетпен, физикалық тұлғалармен есеп айырысу, шет ел валютасы операциясымен байланысты істерді көрсете білу
- Есеп жүргізе алу және өндіріс пен айналым есеп айырысуларын, шығындар сметасын құрай білу, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері өнімдерін (жұмыс, қызмет) іске асыру есебін жүргізу алу
- Өнімнің өзіндік құнының (жұмыс, қызмет) есеп беру калкуляциясын құра білу.
«Бухгалтер-кассир» келесі практикалық құзыреттіліктерді меңгеруі керек:
- бақылау-кассалық құралдармен жұмыс жасау ережесін сақтау және сатып алушылармен төлеу операцияларын жүргізу;
- кассалық операциялар бойынша құжаттар рәсімдеу;
- мемлекеттік ақша белгілерінің төлем қабілеттілігін тексеру.
«Мемлекеттік сатып алулар менеджері» келесі практикалық құзыреттіліктерді меңгеруі керек:
- Тіркеуді жүргізу;
- Мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсіліне сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімдерін жүргізуді қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын уақтылы жіберуді және қол қоюды қамтамасыз ету;
- Сатып алу жоспарын уәкілетті органдарға бекітуге шығару;
- Сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- ТЖҚ номенклатурасына, бағалар мен тарифтерге, сатып алу көлемдері мен тәсілдеріне түзетулер енгізу;
- Мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есептерді орналастыру;
- Мемлекеттік сатып алу процестерін бақылауды жүзеге асыру.