Бағдарламалық қамтамасыз ету
Мамандығы:
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету
Біліктілігі: 4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы»
Жұмысшы мамандығы: 3W06130101 «Бағдарламалық кешен операторы» 3W06130102 «Web - дизайнер»
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдері
Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде - 3 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде- 2 жыл 10 ай.
Бағдарламалық қамтамасыз етуші – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.
Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады.
Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.
Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.
Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.
Мамандықтың ерекшеліктері
Бағдарламалық қамтамасыз етуші ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді.
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР
- Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу;
- Барлық кезеңде (есептің қойылымынан ЭЕМ-да нәтиже алуға дейін) математкалық тәсілдер мен есептеуіш тхниканы қолдану арқылы ғылым, техника экономика және өндірістің әр түрлі салаларында міндеттерді шешу;
- Тесттерді құру және бағдарламаларды тесілеу;
- Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін тұрғызу
- Бағдарламалық өнімді қорғау тәсілдері мен құралдарын қолдану.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
- Бағдарламаларды қолдау және өңдеу, техникалық жабдықтарды орнату және жөндеу жүргізу, әр түрлі ғылыми салаларда деректер қорын және Web-сайтттарын құру;
- Компьютерлік жүйелерді және олардың ақппаратты өңдеу және басқару ішкі жүйелерін модельдеу, зерттеу және жобалау үшін заманауй бағдарламалау тілдерін қолдану;
- Білім беру бағдарламасы еңбек нарығындағы ІТ- мамандарына қойылатын заманға сай талаптарға сәйкес жасалған.
- Жұмыс берушілердің пікірі бойынша бұл білім беру бағдарламасы бағдарламалық қамтаманы жобалау , әкімшілеу және тесттен өткізу салаларындағы білім негіздерін игерген мамандарды даярлауға бағытталған;
- Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелердің болашақ бағдарламалаушы мамандарда негізгі кәсіби компетенцияларын қалыптастыру;
- Студенттердің өз бетімен іздеу- зерттеу жұмыстарын ның барлық кезендерінде эксперименттер өткізу алғы шарттарын жасау;
- Ғылыми-техникалық ақпараттпен жұмыс істей білу, кәсіби іс- шараларда отандық және шетелдік тәжірбиелерді қолдана алу, алынған ақпараттарды жүйелендіру және біріктіре білу.