XXI ғасыр-мәдениет, білім және ғылым ғасыры.
Барлық білімнің кәусар бұлағы кітапхана болып табылады
Н.Ә. Назарбаев
Кітапхана, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол студенттердің тәрбиесі мен білім алу үдерісіне ат салысып, сонымен қатар білім тарату, рухани және интеллектуалдық қарым-қатынас мәдениет және демалыс орталығы болып табылады.
Оқырмандарға қызмет етудің басты түрі абонемент және 40 орындық кітапхана оқырман залымен жүзеге асырылады. Кітап қоры оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерден тұрады. Колледждің жалпы кітап қоры 28000 мың данадан тұрады, оның ішінде 16020 дана мемлекеттік тілде. Білікті мамандарды дайындауға атсалысу мақсатында, кітапхана өз оқырмандарының ақпараттық сұраныстарына сай қорлар құрады, студенттерге, оқытушыларға, колледж қызметкерлеріне ақпараттық және шұғыл кітапханалық қызмет жасайды, сонымен қатар олардың ақпараттық мәдениеттерін құрады. Жаңа кезеңмен ілесе отырып, «Кітапханалық іс» атты кітапханалық қамтамасыз ету бағдарламасы арқылы кітапхана қызметкерлері кітапханалық-ақпараттық процесстерді автоматтандырады. Колледж мамандықтарына сай кітапхана әрдайым мультимедиялық құжаттар қорын құрады. Бүгінгі күнде 60-тан астам дискілер түрі бар. Кітапхананың мультимедиялық қоры оқытушылардың сабақ өткізуінде кең пайдаланылады, ал студенттер- өзіндік дайындық шеңберінде пайдалануда.
Колледж кітапханасы желісіз WI-FI интернетіне қосылған. Интернетті пайдалану білім алу процесіндегі барлық оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын толық және шұғыл түрде қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Ақпараттық іспен бірге, сауаттылықты арттырудың басты құралы оқудың маңызы да арта түсуде, бұл көбінесе өз кезегінде білікті мамандарды дайындаудағы білім сапасын айқындайды. Бүгінде кітапхана 1036 оқырманға қызмет көрсетеді, кітап беру жылына 165000 дананы құрайды. Колледж кітапханасы жылда баспаның айтарлықтай мөлшерін жаздырады. Кітапхананың барлық жұмысы оқыту-тәрбиелеу процесіне бағытталған. Осы мақсатпен кітапханада бүгінгі күнгі өзекті тақырыптар бойынша кітап көрмелері жасалған.
Тәрбие жұмыстарын жүргізудегі басты роль кітапханаға жатады. Колледж кітапханасының тәрбиелік рөлі мынадай келесі бағыттармен: идеологиялық, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, дене шынықтыру тәрбиелері арқылы жүзеге асырылады. Барлық маңызды мейрам күндері іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Оқырмандармен жұмыс істеуде, әдеби кештер, оқырман конференциялары, диспуттар, қызықты адамдармен кездесу сияқты іс-шара түрлері өткізіледі.
Кітапхананың басты мақсаты-студенттерге қоғамға пайдалы болу тәрбиесін сіңіру, еңбекке деген сүйіспеншілік пен құрмет, таңдаған мамандықтарына деген мақтаныш ұялату.
Кітапханада студенттердің өзіндік жұмыс істеулеріне барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Сондықтан, кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық мақсат жүзеге асырылады, атап айтқанда, оқырмандар дүниетанымдарының кеңеюі, білімді игеруде жақсы қолда бар әдебиеттерді үгіттеу жатады.
Карипова Гульмира Исламовна
Кітапхана меңгерушісі
Білімі: Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер колледжі – кітапханашы – библиограф, КарГу им. М.Букетова , преподаватель казахского языка и литературы
Телефон: 8-7172-50-18-36