Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі (бұдан әрі – ҚЖСЭК) оқу процесін ұйымдастыру кезінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін тиісті нормативті-құқықтық актілерге негізделеді.
ҚЖСЭК оқу процесінің қатысушылары студенттер, оқытушылар, колледждің әлеуметтік серіктестері және кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілдері болып табылады.
Колледж құрылымында 2 бөлім бар:
- 04140100 «Маркетинг (салалар бойынша)», 04110100 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша есеп-экономикалық пәндер бөлімі
- 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру және Бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімі
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс