Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

03.04.2025 жылы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген «Менің мамандығым» атты бейнеролик байқауының салтанатты марапаттау кеші өтті. Аталған байқау жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, олардың маңыздылығын көрсету және жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға колледж студенттері белсене қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әрбір бейнеролик қатысушылардың кәсібіне деген сүйіспеншілігін, мамандықтың қоғамдағы маңыздылығын және оның болашаққа берер мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар еңбек адамдарының күнделікті өмірі, олардың кәсіби дағдылары мен қоғамдағы рөлі туралы бейнероликтер әзірлеп, қазылар алқасының бағасына ие болды. Марапаттау кешінде жеңімпаздарға Диплом мен ақшалай сыйақы сертификаты табысталды. Байқау қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

2-орын: Тіржанов Альнияз БҚЕ-9-21-2 тобы Төремұрат Әлімбек БҚЕ-9-21-2 тобы

3 орын: Халенов Мирас ПО-9-21-1 тобы

3 орын: Рахимова Аида ЕА-9-24-2 тобы

Қатысушылар сертификатпен марапатталды. Бұл байқау еңбек адамының мәртебесін көтеруге және жастардың өз мамандықтарын таңдауға ынталандыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

 instagram-нан қараңыз.    facebook-тен қараңыз.

 

    

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.