Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі»

2024 жылдың наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «...Жошы әулеті 6 ғасыр бойы Орталық Еуразияның тағдырына тікелей ықпал етті. Биыл Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толды. Бүгінгі жиынымыз да осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр. Ендеше, Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек», – деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның жеті томнан тұратын жаңа академиялық тарихын жазу жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын хабарлады. Бұл іске 250 ғалым, соның ішінде 60 шетелдік маман атсалысып жатқанын, аталған еңбектің дербес бір томы Жошы ұлысына арналатынын айтты.

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің студенттері журналист, тележүргізуші, редактор, продюсер. Мая Бекбаеваның «Жошы хан. Повелитель Великого Улуса» Мая Бекбаеваның деректі-көркем фильмін тамашалады. Жошы ханның өмірі мен оның Шыңғысханмен қарым-қатынасын көрсетеді. Жошы ханның образы батыр, дана әрі өз халқының мүддесін қорғайтын тұлға ретінде бейнеленген. Ол әкесінің мұрагері ретінде, Шыңғысханның ұлы ретінде, өз орнын табуға тырысады.

Фильмде Жошы мен Шыңғысханның күресі олардың арасындағы билік, жауапкершілік және отбасылық құндылықтарды көрсетеді.Әкесі мен Жошының арасындағы тарихтың бұрмалануымен қалыптасқан қатынасты жаңаша көзқараста көріп , үлкен әсер алды. Жошы ханның тарихи рөлі мен маңызы қазіргі жастарға жеткізілді,. Жошы ханның бейнесі тарихи тұлға ретінде көрсетілуі, оның ерлігі мен даналығы, сондай-ақ, қазақ жерінің тарихындағы маңызы қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Жастарға тарихи білім беріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды, мәдениетті және тарихты бағалауға шақырады. Студенттер көрсетілімнен кейін фильмді қызу талқылап, колледж әкімшілігіне ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

   

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.