Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2023 жылғы 15 қарашада педагог Құндызбекова С.М. Қазақстан тарихы пәні бойынша А-9-23-2 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының жағдайын талдау; шапқыншылықтарды тойтаруды саралау, «Ақтабан шұбырынды» жылдарын зерттеу.

Сабақ мотивациялық бейнероликпен басталып, сабақ барысында генератор онлайн-инструменті, топтық жұмыс жүргізіліп, сабақ «Пликерс» әдісі арқылы бекітілді, студенттер QR-код арқылы бағаланды.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30 жылдығына орай колледждің кітапханасында 1 курс студенттерімен “Есеп және аудит” мамандығының 3-курс студенті Рымбаева Томирис кездесу өткізді. Кездесуде теңгенің пайда болуы мен маңыздылығы презентацияланды.

Сонымен қатар студенттермен “Валюта” викторинасы өткізілді. Кездесуде студенттер тарапынан қаржы сауаттылығы бойынша сұрақтар қойылып, мазмұнды диалог алаңына айналды.

Студенттер қатарына қабылдау

2023 жылдың 9 қараша күні Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің акт залында арман қуып, білім іздеп келген жастарды салтанатты студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді.

І курс студенттеріне колледждің өмірі мен жетістіктері таныстырылып, студенттің міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Салтанатты шара әнұранының орындалуымен басталып, құттықтаулар мен ән шашумен жалғасты.

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде 14.11.2023 ата-аналардың қатысуымен Арнайы пән  оқытытушысы Нағыметова Г.Қ. Бқе -9-22-2 тобына  Км 01  Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау модулінен  ашық сабақ өткізді. Сабақ қойылған мақсатына жетті педагог  түрлі әдіс тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолданды. Сабақ соңында ата-аналар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісті және жылы лебіздерін білдірді. 

10.11.2023 ж Қазтұтынудағының жоғары коллледжі М-11-22-2 тобының студенттері   КМ  07 "Сауда залдарында және сауда орындарында сыртқы, тақырыптық витринаны безендіру" модулі бойынша  "Сандық дәуірдегі мұражайлық коммуникация стратегиясын құру ерекшеліктері" атты еркін тақырыпты ашу мақсатында оқытушымен бірге Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына барды.

33 бет. Барлығы: 61

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.