*«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлыстың ұлы күні - 22 Наурыз» мерекесіне орай ұйымдастырылған «ДӘУІР ҮНІ» әдеби-сазды кеші.*
2025 жылдың 18 наурызында Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің қабырғасында қазақ әдебиеті мен қазақ халқының тарихы тоғысқан, қазақ руханиятының асыл мұрасына арналған “Дәуір үні” әдеби-сазды кеші өтті. Бұл шарада жыраулар мен сал-серілер дәстүрінің қазақ мәдениетіндегі және қазақ халқының тарихындағы рөлі, олардың шығармаларының мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды.
Кештің мазмұны:
Жыраулар шығармашылығы: Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді жыраулардың толғауларының терең мағынасы.
Сал-серілер мұрасы: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Естай Беркімбайұлының әндері.
Халық әндерінің тарихы: «Самалтау» әнінің шығу тарихы мен мағынасы.
“Сарыарқа – ұлы дала жыры”: Ақселеу Сейдімбек пен Несіпбек Айтұлының шығармаларының маңызы.
Кештің арнайы қонағы – Мемлекеттік академиялық филармонияның орындаушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Шыбыт» фестивалінің жүлдегері, әнші-термеші Данияр Мұқан өз өнерімен көрермендерді тәнті етті.
Кештің ерекшелігі – баяндамалар мен талдаулар, жыраулардың толғауларын орындау, халық әндерін орындау ерекше рухани атмосфера қалыптастырды.
Студенттер, педагогтер және әдебиет пен музыка жанашырлары кеш барысында жыраулар мен сал-серілер мұрасының бүгінгі заманмен үндестігін сезініп, ұлттық өнеріміздің мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте түйсінді.
Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз мәңгі жасай берсін!
Инстаграмнан қараңыз Фейсбуктен қараңыз.