Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде “8 Наурыз - Халықаралық әйелдер” мерекесіне арналған салтанатты іс-шара аталып өтті.
Іс-шара колледж ұжымы мен студенттердің ұйымдастыруымен өтіп, нәзік жандыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шараның ресми бөлімі колледж директорының құттықтау сөзімен ашылып, барлық әйелдер қауымына жылы лебізін білдіріп, олардың қоғамдағы маңызды рөлі мен еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, колледждің ұстаздары мен қызметкерлерін алғыс хат және гүл шоқтарымен марапаттады.
Концерттік бағдарламада студенттер ән шырқап, би билеп, әсерлі қойылымдар көрсетті. Әсіресе, анаға, ұстаздарға арналған жүрекжарды өлеңдер мен музыкалық нөмірлер көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Қазтұтынуодағының Жоғары колледжі нәзік жандыларды көктемнің ең әсем мерекесі – 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды
Инстаграмнан қараңыз Фейсбуктен қараңыз