Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Қарашаның 29-ы күні біздің колледжіміздің базасында “Астана қаласы әкімдігінің “Өркен” балалар және жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы” МКҚК ұйымдастыруымен, елордамыздың колледждері арасында “Тоғыз құмалақ” ұлттық ойынының спартакиадасы бастау алды.
Қаламыздың 22 колледжінен 66 студент қатысып, спартакиаданың бірінші күні өз мәресіне жетті. Біздің колледжімізден 1 курс студенттері қатысуда, оларға ойында сәттілік тілейміз! Ойынның бас төрешілері: Аяшев Садық Ыкласұлы, Султаналиев Адлет Сагитович, Хамбар Амангелді

2022 жылдың 17 қараша күні колледж студенттерімен Астана қаласы № 3 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологі Ермек Диана «Қарым-қатынас және топтың бірігуіне арналған» семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг барысында колледж білім алушыларына стресске байланысты ақпарат берілді. Студенттер өз ойларын толық жеткізу, әңгімелесу тығырықтан шығу ситуациялары бойынша жаттығулар өткізді. Бұл семинарда қатысушылар өздерін жайбарақат және бақытты сезінуге көмектесетін жағымды бейнелер жасады және стресстен шығу формаларымен танысып, онымен қалай күресу керектігін біле алды.

15 қараша күні «Bilim Foundation» қоғамдық қорының психологі, лектор Нургожина М.Ж келіп колледжіміздің оқытушыларына «Тағдыр сақшылары» деп аталатын «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы шеңберінде семинар өткізді.
Семинар барысында бала мен ата-ананың арақатынасы, бала тәрбиесі жайында айтылды. Кішігірім фильм де көрсетілді, колледжіміздің оқытушылары және топ жетекшілеріне барынша түсінікті үгіттелді.

2022 жылдың 25 қарашасында сағат 18.00-де Жоғары сауда-экономикалық колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-4 курс студенттерінің ата-аналары шақырылды.

2022 жылдың 17 қараша күні колледж студенттерімен Астана қаласы № 3 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологі Ермек Диана «Қарым-қатынас және топтың бірігуіне арналған» семинар-тренинг өткізді.

48 бет. Барлығы: 60

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.