2024 жылы 23 қыркүйек күні Астана қаласы Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінде 23-27 қыркүйек аралығына жоспарланған «Тіл халықтың тамыры» тілдер атты апталығының ашылуы өтті.
Апталықтың ашылуында педагогтар Жайимбаева Аяжан, Суендикова Жазкен «додокаэдрды» қолдану арқылы қазақ тілінде түрлі тақырыптарды қамтитын сұрақтар беріп, студенттер белсенді қатысып, өз ойларын білдірді. Қазақ халқының мақал-мәтелдерін суреттері шығарылған сөзжұмбақ арқылы жасырды. Сонымен қатар, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы мен М.Әуезовтың шығармалары топтастырылған кітаптарды студенттерге QR код арқылы таныстырды.
Көп тіл білетін полиглот-педагогтар Сарсенбаева Әсел, Искакова Саида студенттердің тіл білімін анықтау және оған қолдау көрсету мақсатында ағылшын тілін меңгеріп жүрген 1 курс студенттеріне QR код генераторы арқылы жазушылардың шығармасын қарап, өз пікірлерімен бөлісуді ұсынды. Студенттер қазақ жазушылары С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» және М.Мақатаевтың өлеңдерін ана тілінде оқып, ағылшын тілінде жеткізді. Ағылшын тіліндегі кітаптар көрмесінде ағылшын халқының салт-дәстүрлері, тарихы туралы таныстырылды.