Апталықтың жалғасын «Менің сүйікті ақынымның тағамдары» тақырыбында аспаз мамандығында оқитын студенттер ұлттық тағамдарды ақындардың талғамымен байланыстырды. Білім алушылар орыс ұлтының тағамдарынан дәм татты. Педагог Қасиет Сахиеваның ұйымдастыруымен орыс классиктерінің шығармалары бойынша саяхат жасап, өз ойларын айтты.
Апталықтың ашылуында «кітаптар айналымы» және «бір шаңырақ астында әртүрлі ұлттардың кітаптары» көрмесі жасалынды. Студенттер А.Құнанбаев, А. Пушкин, А. Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінді оқып, әдеби шығармалардың мазмұнын ашты. Бір топ студенттер Мұратхан Т, Айтбаев А. т.б. «Кітап сыйла» акциясы бойынша колледж кітапханасына кітаптар сыйлады. Колледж кітапханашысы Г.И.Карипованың басшылығымен «Сүйікті ақынымның өлеңі» атты челленджі бастауын алды.
Іс-шара барысында 1 курс студентері мерекелік концертті тамашалады.