Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2023 жылдың 13 ақпанында М11-21-2, М11-22-2 топ студенттеріне колледж директоры Мырзабек Төребекұлының жетекшілігімен "Қазақстандағы туризм", "Wordskills құзыреттіліктері", "Диверсификация", "Сыбайлас жемқорлық" "Интернет-магазин" тақырыптарында Ағзан Сара, Жанболатқызы Назерке, Маралхан Нұрсая,Тұрабек Баймырза, Серікбай Бекарыс, Балтабай Айдостың жасаған ізденістері, ғылыми жұмыстары ұсынылды. Дөңгелек үстел басында мазмұнды мәселелер ортаға салынып, пікір сайыс ой туғызды. Студенттер толғандырып жүрген өзекті мәселелерге сұрақтар қойып, қызығушылық білдірді. Студенттер болашаққа сеніммен қарап, ұмтылыстары осымен тоқтап қалмайтынына кәміл сенімдіміз.

2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылғы 17 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан жарыстар өтті. Жарысқа қыздар арасында 8 колледж (96 студент), ұлдар арасында 20 колледж (240 студент) қатысты. Финалдық ойындар 2023 жылдың 3 ақпанында Кәсіптік-техникалық колледждің спорт залында өтті.

2022 жылдың 28 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.

Мерекеде студенттер ертегі кейіркерлері Аяз ата, Ақшақар, Мики маус, Жалмауыз кемпір және т.б. кейіпіне еніп мерекелік шыршаның сәнін келтірді. Іс-шара барысында кішкентай қонақтарымыз Аяз атаға ән айтып, тақпақ айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтар алып көтеріңкі көңіл күйде ертегі әліміне саяхат жасады.

Жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамалары мен іскерлік дағдыларын қолдау және дамыту мақсатында 2022 жылдың 16 мен 30 қарашасы аралығында «Мен кәсіпкермін» республикалық Гранд турнирі өтті. Гранд турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған және еліміздің барлық аймақтарының колледж студенттері арасында өткізілді.

2022 жылдың 15 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 1 курс студенттері арасында «Алға Қазақстан» атты патриоттық тақырыптағы музыкалық сайыс өтті.

46 бет. Барлығы: 60

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.