2024 жылдың 31 қазан күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде педагог Дүйсенбаева Дана Сұлтанханқызының Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақ хандарының қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі» тақырыбында А-9-24-4 тобында ата-аналар мен жас педагогтардың қатысуымен ашық сабағы өтті. Үй тапсырмасы «Quizizz» әдісімен тексерілді. Қобдишаға салынған түрлі-түсті асықпен үш топқа бөлінген студенттер «Елшілік» әдісі арқылы тапсырмаларды орындап, тақырып бойынша жаңа сабақ мазмұнын ашты, «Плюс, минус, қызықты»» әдісімен өз білімдерін бекітті. Студенттер белсенді болды.Сабақ мазмұнды, қызықты өтті