2024 жылдың 24 қазан күні Астана қ. Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай 1-курс студенттерінің қатысуымен «Тіл деген алып мұхит, түбі терең» атты мәнерлеп жатқа оқу сайысы ұйымдастырылды.
Студенттер өздерінің таланттары мен білімдерін көрсете отырып, қазақ тілінің байлығын, оның тереңдігін ерекше жеткізді. Әр қатысушының мәнерлеп оқуы тыңдаушылардың жүрегіне жетіп, әсерлі сәттер сыйлады.
Сайысты кітапхана меңгерушісі Карипова Гульмира Исламовна және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жайимбаева Аяжан Арстанбековна ұйымдастырды.