2024 жылғы 30 қазан күні Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде педагог Сауханова Гульнар Кусаиновна математика пәні бойынша БҚЕ 9-24-2 тобында арнайы ата-аналардың, жас педагогтардың қатысуымен «Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Дәрежелі функцияның анықтамасын және қасиеттерін түсіндіру мақсатында болған сабақта студенттер функция графиктерін салып, дағдыларын дамытты. «GeoGebra» бағдарламасын практикалық тұрғыда пайдалану арқылы визуализация жасалды.
Сабақ заманауи оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің білім алуын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Студенттер сабақта өте белсенді болды.
Сабаққа қатысқан ата-аналар мен жас педагогтар жақсы пікірлерін білдірді.!