2024 жылдың 25 қыркүйегінде оқытушы А.Ж. Қақабаева М-9-24-2 тобында қазақ тілінен «Қазақ киносы – қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақта learningapps қосымшасының мүмкіндіктерін қолдана отырып жобалау, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әртүрлі әдістері мен тәсілдері бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. Сабақта студенттер мәтіннің негізгі ойын анықтау, берілген тақырып бойынша алған ақпаратын жүйелеп айтып беру, шығармашылық тапсырмалар орындау сияқты мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді.
Сабақтың қолайлы психологиялық атмосферасы, студенттердің жұмысын өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі сабақтың қызықты және мазмұнды болуына септігін тигізді.