Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Қазтұтынуодағының жоғарғы колледжінде 17.11.2023 ата-аналардың қатысуымен арнайы пән оқытытушысы Муздубаева Б.Ж. ПО-9-22-2 тобына КМ 01 «Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау модулінен» ашық сабақ өткізді. Сабақ жобаларды ашық қорғау түрінде өтті. Студенттер КМ 01 бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Студенттер түрлі компьютерлік ойындар, презентациялар, брошюралар әзірледі. Арнайы пәндер оқытушылары білім алушылардың жобаларын бағалады.

 

  2023 жылғы 16 қарашада педагог Сембаева Шолпан Сагынбаевна Химия  пәні бойынша ОП-9-23-1 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Проблемы охраны окружающей среды при производстве металлов» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: металдардың өздеріне тән ерекшеліктері мен олардың қоршаған ортадағы екідайлы қасиеті,металдар мен олардың қосылыстарының биологиялық жүйеге зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру.

СТУДЕНТІМІЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ!!!

2023 жылдың 4 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің “Өркен” балалар және жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы колледж студенттері арасында қазақша күрестен қалалық турнир өтті.

Аталған турнирге 16 колледжден 153 студент қатысып, біздің колледжіміздің 1 курс студенті ЕСМАХАЙ НҰРХАН АБЗАЛҰЛЫ жүлделі 🥉 орынды жеңіп алды!!!

2023 жылғы 16 қарашада педагог Журкабаев Байділда Саутканұлы Дүниежүзі тарихы пәні бойынша М-9-23-1 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Завоевательные походы Наполеона и его влияние на Европу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Наполеонның жаулап алулары, соның нәтижесінде Еуропаны өзгерткен реформаларын талдау. Сабақ «Жетістік ағашы» әдісі арқылы психологиялық ахуалмен басталып, үй тапсырмасы «Kahoot» платформасында пысықталды. Студенттерге топтық жұмыс жүргізіліп, бейнероликтер арқылы мамандықпен байланыстырды.

2023 жылдың 15 қарашасында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің педагогы Загипарова Сауле Тулегеновна ВТ-9-23-1 тобында ата-аналардың қатысуымен «Квадрат теңдеулерге келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабаққа Сембек Нұрғалидың, Дыбыс Сәулетаның, Игорь Боевтың ата-аналары қатысты.

Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері жүйелі және логикалық байланысты болды. Жұмыстың әртүрлі формалары біріктірілді: жеке, топтық, сараланған. Білім, білік, дағдыны жүйелі және дәйекті қалыптастыру принципі сақталды.

15 бет. Барлығы: 44

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.