Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде химия пәнінің оқытушысы Сембаева Шолпан Сағымбайқызы М-9-23-2 тобында «Органикалық химияға кіріспе» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Joyteka» платформасында сұрақтарға жауап беріп, студенттер өз білімдерін байқатты. Жаңа сабақта «Органикалық химия» бейнебаяны көрсетіліп, сабақтың тақырыбы ашылды, органикалық заттардың ерекшеліктері түсіндірілді.