Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде 22-қараша күні «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының колледжішілік WorldSkills байқауы 8 құзыреттілік бойынша өтті. Байқауға колледж студенттері қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігін көрсетті. Қатысушылар арасында жүлделі орын иегерлері дипломдармен марапатталды.

Құттықтаймыз!!!
10 желтоқсан – Астананы ресми көшіру күніне орай «Байқоңыр» ауданының жоғарғы және арнайы орта білім беру мекемелері студенттерінің арасында өткен волейбол турнирінде ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ студенттері
2ОРЫНДЫ иеленді.

2023 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналаған «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» атты қоғамдық пәндер апталығының ашылуы колледждің акт залында болып өтті. 1 курс студенттеріне 1-ші қабатта орналасқан «Тарихты ұлы адамдар жасайды» атты фото таныстырылым көрсетілді, қазақ елінің тарихына шолу жасалып, тұлғалардың тарихи ойлары айтылды. Ұлт еркіндігін үстем ету үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рөлі үлгі етілді. Қоғамдық пәндер оқытушысы Б.С. Жұрқабаев «Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа тарихи қадам» бағдарламасына шолу жасады, «Тұран» университетінің э.ғ.к., профессор Б.М.Искаков Тәуелсіздік белестері мен студенттердің болашаққа көзқарасын тыңдап, пікір талас жүргізді.

Бүгін «Тәуелсіздікке тарту» 1 курс студенттері арасында волейболдан жарыс басталды.

Құрметті колледж педагогтері мен студенттері! ҚР “Тәуелсіздік күні” мерекесі аясында 2023 жылдың 11-15 желтоқсан күндері аралығында “Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім” атты тарих, құқық пәндері апталығы өтеді. Ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысуларыңызды сұраймыз!

11 бет. Барлығы: 44

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.