Жаратылыстану пәндері апталығының ашылуы
2025 жылғы 7 сәуірде «Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде» жаратылыстану пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу барысында студенттер ерекше қызығушылықпен қарсы алынды.
Апталықтың алғашқы күні «Жаратылыстану пәндерінің көрмесі» ұйымдастырылды. Көрмеде тақырыптық көрнекі құралдар, макеттер, ақпараттық стендтер мен қызықты сұрақ-жауаптар ұсынылды. Студенттер өз идеяларымен бөлісіп, шығармашылық жұмыстарын көрсетті.