Қазтұтынуодағының жоғары колледжі сіздерді ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі “Көрісу күнімен” шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, береке мен бірлікті нығайтатын ерекше мейрам.
Көрісу күні адамдар бір-бірімен амандасып, жақындарына ақ тілектерін арнап, реніштерін кешіріп, татулық пен достықты арттыратын игі дәстүр. Біздің колледж ұжымы да осы мерекені ерекше атап өтіп, студенттер мен оқытушылар қауымын ынтымақ пен ізгілікке үндейді.