Құрметті колледж педагогтері мен студенттері!
Сіздерден 2023 жылдың 19 – 25 желтоқсан күндері аралығында «Позитивті әлем» атты психология апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысуларыңызды сұраймыз!
Құрметті колледж педагогтері мен студенттері!
Сіздерден 2023 жылдың 19 – 25 желтоқсан күндері аралығында «Позитивті әлем» атты психология апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысуларыңызды сұраймыз!
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің директоры М.Т. Кужимов мырза психология апталығы аясында «Мен қандаймын? Айналамдағылар мені қалай көреді? Қандай болғым келеді?» тақырыбында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 4 курс студенттерімен сұхбаттасты.
2023 жылдың 15 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің акт залында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы» атты бостандық пен бірліктің маңыздылығын еске алу мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Экраннан Желтоқсан оқиғасына арналған бейнебаян көрсетіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.
2023 жылдың 20-21 қараша күндері Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде «Астана қаласы шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігімен бірігіп, Астана қаласы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандары мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында қалалық ШАХМАТ турнирі өткізілді. Сондай-ақ, оқушыларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқу-тәжірибелік зертханалармен таныстырылды.
Турнир ұлдар және қыздар арасында бөлек өткізіліп, жеңімпаздар медальдармен және 50 000, 30 000, 20 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.
27 бет. Барлығы: 61