2023 жылдың 15 қарашасында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің педагогы Загипарова Сауле Тулегеновна ВТ-9-23-1 тобында ата-аналардың қатысуымен «Квадрат теңдеулерге келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабаққа Сембек Нұрғалидың, Дыбыс Сәулетаның, Игорь Боевтың ата-аналары қатысты.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері жүйелі және логикалық байланысты болды. Жұмыстың әртүрлі формалары біріктірілді: жеке, топтық, сараланған. Білім, білік, дағдыны жүйелі және дәйекті қалыптастыру принципі сақталды.