Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 
  • 001Banner god KZ-min.png
  • 002Banner001.png
  • 003_1300x600-toheight-90-astana.2.jpg
  • 004Banner god KZ.png
  • 006_1300x600-toheight-90-stud_opt.jpg
  • 007_1300x600-toheight-90-labs.jpg
  • 008_1300x600-toheight-90-auds.jpg
  • 009_1300x600-toheight-90-032.jpg
  • 010Banner god KZ.png

Президент Жарлығы – 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды.

"Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құқықтық актіде.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы кәсіптік білім беруді реформалаудың маңыздылығын 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Президент Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.

 


     Колледж миссиясы – экономика, сервис және ақпараттық технология салалары бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметін іске асыру.

 

     Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базасымен, кәсіби педагогикалық ұжыммен, сенімді әлеуметтік серіктестермен, қаланың ең үздік тәжірибелік оқыту базасымен қамтамасыз етілген. Колледжде 9 компьютер сыныбы, ақпараттық-білім орталығы, 24 интерактивті тақта, оқырман залы, спорт залы, спорттық алаңдар бар. Колледждің 400 орынды жатақханасы бар. Жатақханада медициналық пункт жұмыс істейді. Оқу корпусында тамақтану орындары бар.


МАМАНДЫҚТАР

Колледж миссиясы

    Еліміздің мүддесі үшін экономика, қызмет көрсету және  ақпараттық технология салалары бойынша әлеуеттік серіктестермен бірігіп, кәсіб міндеттерді шешуге қабілетті, оң (позитивті) қасиеттерге ие, құзырлы мамандарды даярлауға бағытталған білім беру қызметін жүзеге асыру.

Колледж мүддесі

      Ғылыми-әдістмелік жұмыстармен, халықаралық қатынастар және әлеуметтік серіктестермен тығыз ынтымақтастықта көрсетілетін білім беру қызметкерінің жоғары сапасы арқасында Қазақстандағы және халықаралық білім беру кеңістігінде танылған колледжге айналу.

БІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕР

Меморандум

ҚЖСӘК халықаралық ынтымақтастық

Көрші елдермен ынтымақтастық

Шет елдермен ынтымақтастық

РЕСЕЙ

Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі 2018 жылы Екатеринбург сауда-экономикалық колледжі ГБ ПО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға және 2019 жылы Новосибирск облыстық тұтынушылар одағы Н.А.Косыгин атындағы «Новосибирск кооперативтік колледжі» ПЭИ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды меңгеру аясында 2019 жылдың наурыз айында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы 21 ОП тобының студенті Жуварова Жанель, 23 ОП тобының студенттері Захарьянов Рудольф және Орловская Юлия Екатеринбург қаласындағы Екатеринбург сауда-экономикалық колледжі және П.П. Бажовтың 140 жылдығына, Екатеринбург сауда-экономикалық колледжінің 95 жылдығына және Екатеринбург қаласы Ленин ауданының 85 жылдығына арналған «Жаңа Орал тағамдары» халықаралық фестиваліне қатысты.

Шара нәтижесінде Жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттері «Жаңа Орал тағамдары» фестивалінде идеяның шығармашылығы үшін «Уралочка» номинациясы дипломына ие болды.

 «Халықаралық ынтымақтастық» кластерін жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 27 мамыр - 7  маусым аралығында Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 10 студенті және 2 арнайы пән оқытушысы Нұр-Сұлтан қаласы, Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжіне келді. Ресей Федерациясынан келген студенттер колледждің әлеуметтік серіктесі Астана қаласы RadissonHotel және ParkInnHotel базасында өндірістік практикадан өтіп, студенттер мен оқытушылар әртүрлі іс-шараларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, Қазақстанның ұлттық тағамдарымен танысты.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 11 студенті және 2 арнайы пән оқытушысы РФ Екатеринбург қаласында Ресей Федерациясы Екатеринбург сауда-экономикалық колледжінің әлеуметтік серіктестері негізінде өндірістік тәжірибеден және тағылымдамадан өтті. 2019 жылдың 9-20 қазан аралығында түрлі деңгейдегі мейрамханаларда кәсіби шеберлік сабақтарына қатысты.

Сондай-ақ, студенттеріміз «Аспаздық өнердегі жастарға шеберлік, шығармашылық, ізденіс» халықаралық фестиваліне қатысып, тиісті Сертификаттарға ие болды.

2. 2021 жылы ZOOM онлайн платформасында Қазақстан Республикасы, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Әдістемелік орталық» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі әлем: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: тәжірибе алмасу үшін ақпараттық алаң ұйымдастыру және конференция тақырыбы бойынша өзекті ғылыми-практикалық мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастыру.

Конференцияға Қазақстан Республикасының оқу орындарының, Ресей Федерациясының орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, студенттері, сонымен қатар мектеп оқушылары қатысты.

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

  2022 жылдың қарашасында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі мен Самарқанд қаласы Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

  2023 жылғы 22 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қазтұтынуодағының жоғары колледжіне Өзбекстан Республикасы, Самарқанд туризм және мәдени мұра колледжінің делегациясы: директоры Р.М.Файзиев, арнайы пән оқытушылары М.Б.Гафарова, Д. Курбанова және студенттері келді. Сапардың мақсаты – білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибе алмасу.

  Қонақтардың салтанатты жиыны ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен, колледждің оқу ғимаратын аралаумен және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша WorldSkills аймақтық чемпионатының жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстарын көрсетумен басталды.

 Одан әрі колледж кітапханасында шетелдік қонақтардың қатысуымен Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.С.Ахметова, колледж директоры М.Т.Кужимов, өндірістік кеңес төрайымы Г.А.Васильева («БЕРКАТ» Консорциумы) және жоғарыда аталған кеңестердің мүшелері қатысып, онда екі мемлекеттің білім беру бағдарламалары талқыланып, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарлары белгіленді.

 Бүгінгі іс-шаралардың барлығы нәтижелі, жоғары кәсіби деңгейде өтті!

В 2023-2024 оқу жылында халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында, 2023 жылғы 23-27 қазан аралығында «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығының 5 білім алушысы – «WorldSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының жүлдегерлері және «AstauFest-2023» халықаралық гастрономиялық фестивалінің қатысушылары – Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің студенттері академиялық ұтқырлық шеңберінде, Орталық Азиядағы экономикалық өсім секторлары үшін кәсіптік білім беруге бағытталған Германдық GIZ қоғамының халықаралық ынтымақтастық жобасы аясында Самарқан туризм және мәдени мұра техникумына барды. Онда олар өндірістік тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасу, практикалық оқытудың сапасын арттыру, жаңа кәсіби дағдылар мен құзыреттерді меңгеру мүмкіндігіне ие болды.

Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің білім алушылары – Қабдышева Елдана, Қабаев Арлан, Хохлунова Ксения, Ашкенов Ілияс, Ляпунов Иван – Самарқан қаласындағы «Movenpick» қонақ үйі мейрамханасында өндірістік оқыту барысында тамақтану индустриясында білікті дағдыларды меңгерді. Олар «швед үстелі», ұлттық өзбек тағамдары мен еуропалық асхананы дайындау бағыттары бойынша кәсіби тәжірибе жинақтады. 

  Кәсіби оқытудың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің білім алушыларына Германдық GIZ қоғамының халықаралық ынтымақтастық жобасы – «Орталық Азиядағы экономикалық өсім секторлары үшін кәсіптік білім беру» сертификаттары табысталды.

ҰЛЫБРИТАНИЯ

2022 жылдың қазан айында халықаралық кеңістіктегі ынтымақтастық шеңберінде білім беру үдерісін одан әрі жүзеге асыру бойынша Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі Қазақстан Республикасы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Capital City College Group» (Лондон) халықаралық жобасына қатысты.

 

 

 

         2013 жылдың қараша айында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі Дүниежүзілік банктің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша өткізілген байқауға қатысып, 380 мың долларлық (56 931 075 тенге) грантты жеңіп алды. Аталмыш жоба ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған, Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнің (Дүниежүзілік банк) қаржыландырылған «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл байқауға еліміздің 137-ге жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты, грантты 41 колледж жеңіп алды. Соның ішінде астаналық Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжі білікті маман даярлаудағы Институционалдық даму жоспары озық деп танылып грантты жеңіп алды.

 

2013 жылдың 25 қарашасында ҚР Білім және ғылым министрлігімен ТжҚБЖ Департаментінің директоры К.К.Буребековпен Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжінің директоры М.Т. Кужимов арасында №126 келісімге қол қойылды.

 

      Осы байқаудын ең негізгі шарты модульдік бағдарлама әзірлеу болды. Ол үшін «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына Институционалдық даму жоспары әзірленді. Институционалдық даму жоспары (бұдан әрі - ИДЖ) жұмыс берушімен бірге әзірленген және іске асырылады, оқу үдерісін жаңғыртуға бағытталған оқу орнының стратегиялық даму жоспары. ИДЖ 12-24 айлар аралығында жүзеге асады.

 

       Стратегиялық мақсат – енбек нарығында өзекті талаптармен әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби ІТ – мамандарды дайындауда жетекші колледж болу.

Даму мақсаттары:

      1. Әлеуметтік серіктестіктің дамуы;

      2. Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;

      3. Кадр потенциалының дамуы;

      4. Колледждің имиджінің жақсартуы;

      5. Оқу үдерісің жаңғыртуы;

      6. Материалдық-техникалық базаның жақсартуы.

 

      Ақша қаражатын, ҚР БҒМ мен Дүниежүзілік банк талаптарына сай колледж ұжымы оқу үдерісіне қажетті құрылғыларды сатып алуға, бағдарламалық қамтамасыз етуге, педагогикалық қызметкерлердің білімін жетілдіруге, оқу-әдістемелік материалдарды игеруге жұмсалуға тиіс. Қомақты қаржыны колледж ғимаратын жаңартуға, жекелеген нысандар салуға, оқытушылардың жалақысын көтеруге, көлік сатып алуға шығындауға болмайды. Оның жұмсалу барысын Дүниежүзілік банктің өзі қатаң қадағалайтын болады. Егер келесі жылдың желтоқсан айына дейін қаржы игерілмесе, онда шарт бойынша қаржы кері қайтарылатын болады.

     

      Келісімне қол қойылғаннан кейін, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын басқару тобы тауар сатып алу және қызмет көрсету бойынша жасалынған сатып алу Жоспарын мақұлдады. Колледж есеп шотына бірінші транш 23 566 458 тенге соммасы түсті

 

       Келісім мен Сатып алу жоспары аясында тауар сатып алу, оқу тәжірибені жүргізуге арналған оқу-дизайнерлік орталық пен компьютерлік техниканы жөндеу шеберханасын ашу жұмыстары жүргізілуде. ИЖД бойынша Microsoft және 1С: Предприятие фирмаларының бағдарламалары бойынша студенттерді оқытуға Сертификациалық оқыту орталықтарын ашу жоспарланған.

 

       Шетел орталықтарында 13 936 500 теңге грант сомасы, қазіргі талаптарға сай деңгейде оқу үдерісін сүйеулер үшін ИЖД да инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктіліктің және тағылымдаманың жетілдіру көзделген: Франция Севр қ., Ресей Томск қ., Ресей Москва қ., Беларусия республикасы Минск қ.. Біліктілікті көтермелеу келесі кесте бойынша жүзеге асырылады.

 

Институционалдық даму жоспарын жүзеге асыру аясында колледже келесі иновацияларды енгізу жоспарланған:

  • Оқытудағы инновациялар: бір бірін оқыту жағдайына байланысты оқу сабақтарына ұжымдық әдістемелерін, жоба әдістерін, желілік әрекеттестіктің нобайын құру, жеке оқыту траекторияларын, көмекші белгілер, компьютерлік курстарды ашу, бату әдісі, бағдарламалап оқыту, мәселілі оқыту, зерттеу қызметтің ұйымдастыру.
  • Басқарудағы инновация: колледж тәжірибесіндегі маркетинг зерттеулері, колледж басқарауын автоматтандыру жүйесін құру, жүйлек әрекеттестіктерді және колледж әрекеттестіктер құрылымын құру
  • Кадрларды дайындау және қайта даярлаудағы инновация: аралық оқыту, жүйелік құлылымдарды құру, жана бағдарламалық қамсыздандыру бойынша интеграцияланған пәнаралық курстарды құру, Microsoft және 1С бағдарламалау серификатталған курстарда оқыту.

 

Күтілетін нәтиже:

      1. Ен үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибенің негізінде біліктілікті жоғарлату тиімді моделін әзірлеу.

      2. Колледжд бен жұмыс берушілер арасындағы арақатынастарын нығайту.

      3. Білім қызметінің сапасын қамсыздандыруы.

      4. Оқу үдерісіне дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу.

      5. Модульдық оқыту бағдарламасын әзірлеп енгізу.

      6. Студенттердің тәжірибелік ұсталық пен дағдысын бекіту деңгейі мен оқыту тиімділігін көтеруі.

      7. Қала мен облыста колледждің іскер беделін көтермелеуі.

      8. Талапкердің санының аумақтауы.

Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі (Кооперативтік техникум) 1956 жылы ашылды.


 

1Аймақтұтынуодағы Ақмола кооперативтік техникумының бірінші директоры Корольченко А.П. болды.

Лауазымы: Аймақтұтынуодағы Ақмола кооперативтік техникумының директоры.

1956-1963 жж., 1964-1976 жж.

Білімі:Қарағанды педагогикалық институты, орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Корольченко Александр Петрович 1921 жылдың 9 тамызында Ростов облысы, Зерен ауданы, Б.Федоров селосында туылды.

1943 жылы фронтқа шақырылды. Ұлы отан соғысы аяқталғанға дейін жауынгерлік істерге қатысты. Жауынгерлік және саяси жетістіктері үшін 4 отандық алғыспен марапатталған.

1956 жылдың мамыр айынан бастап Аймақтұтынуодағы Ақмола кооперативтік техникумының директоры лауазымына тағайындалған.

Александр Петрович оқытушылармен бірігіп оқу корпусы және жатақхана ғимаратын құрды, педагогикалық коллектив жинады, оқу ордасын Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар КСРО-ның тұтынушылар одағы жүйесіндегі үздіктер қатарына кіру үшін барлық күш жігерін жұмсады.

Александр Петрович қысқа уақыт ішінде өз әріптестерін жоғары білімді мамандар дайындауда шығармашылық жұмысқа белсенді араласуларына ықпал жасай алды, әріптестерінен тәртіпті, техникумға деген адалдықты талап етті және әрқашанда адамгершілігін жоғалтпады.


 

2Лауазымы: Аймақтұтынуодағының Целиноград кооперативтік техникумының директоры

1963-1964 жж.

Білімі:Львов Сауда-экономикалық институты, бухгалтер-экономист.

Тұрғылықты жері: Астана қ.

Харжевский М.В. 1934 жылдың 22 сәуірінде Украин СРО-ның Хмельницск облысы, Минков ауданы, Руда-Горчичанская селосында туылды. 1957 жылы институтты аяқтап болған соң Ақмола кооперативтік техникумына бухгалтерлік есеп пәнінің оқытушысы ретінде жіберіледі.

1960 жылмен 1963 жыл аралығында директордың оқу бөлімі бойынша орынбасары болып жұмыс атқарады.

1963 пен 1964 жылдары Аймақтұтынуодағы Целиноград кооперативтік техникумы директоры болып жұмыс жасайды.

Михаил Владимирович техникумның дамуына айтарлықтай өз үлесін қосты. Оның кәсіби білімі, әдеттен тыс шешімдер қабылдай алу, адамдармен қарым-қатынас жасай алу сияқты қабілеттері Михаил Владимировичтің өзіне таңсық, біршама қиын және жауапкершілігі көп жұмысты сәтті игеріп кетуіне мүмкіндік берді.

 


3Лауазымы:Аймақтұтынуодағының Целиноград кооперативтік техникумының директоры, 1976-2002 жж.

1976-2002 жж.

Білімі:Новосибирск Сауда кеңестік кооперация институты

Тұрғылықты жері:Мәскеу қ.

Маслов Виктор Федорович 1938 жылдың 19 тамызында Көкшетау облысы, Степняк қаласында туылды.

Техникумды, келе бере колледжді 26 жылдан астам уақыт басқарды.

Виктора Федоровичтің басшылығы кезінде педагогикалық коллектив үйлесімді жұмыс істеді және Целиноград қаласы және КСРО тұтынушылар одағы жүйесінің техникумдары арасында жоғары дәрежеге жетті.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Парақорлық дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты екі қылмыс түрі қарастырылған: – пара алу (311-бап) және пара беру (312-бап).

Бұл екі қылмыс бір жақты: егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші).

Сатып алу дегеніміз не?

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (231-бап)коммерциялық сатып алу деп аталады.

Пара болуы мүмкін:

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:

– өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;– өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.

Пара үшін жаза

Пара алу (ҚР Қылмыстық кодексінің 366- бабы)

Пара беру (ҚР Қылмыстық кодексінің 367- бабы)

1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бірнеше рет жасалса, –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру –мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет –мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) ірі мөлшерде;

3) бірнеше рет жасалса, –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ішкі категориялар

2 бет. Барлығы: 6

  • 250x150-toheight-90-1c_batyr.png
  • 250x150-toheight-90-arta.png
  • 250x150-toheight-90-asa.png
  • 250x150-toheight-90-berkat.png
  • 250x150-toheight-90-centr_soft.png
  • 250x150-toheight-90-gal_mart.png
  • 250x150-toheight-90-metro.png
  • 250x150-toheight-90-nat.png

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.