Жаратылыстану пәндері апталығының ашылуы
2025 жылғы 7 сәуірде «Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде» жаратылыстану пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу барысында студенттер ерекше қызығушылықпен қарсы алынды.
Апталықтың алғашқы күні «Жаратылыстану пәндерінің көрмесі» ұйымдастырылды. Көрмеде тақырыптық көрнекі құралдар, макеттер, ақпараттық стендтер мен қызықты сұрақ-жауаптар ұсынылды. Студенттер өз идеяларымен бөлісіп, шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Көрме аясында тақырыптық көрнекі құралдар, макеттер мен ақпараттық стендтер, қызықты сұрақ-жауаптар мен студенттердің ғылыми идеялары, ең үздік геометриялық пішіндер көрмесі, танымдық квест ойындары, апталық ашылуын баяндайтын бейнематериалдар ұсынылды.
Нәтижесінде, студенттердің жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы арта түсті. Ғылымның күнделікті өмірмен тығыз байланысын түсінді. Түрлі ғылыми құбылыстар мен тәжірибелер туралы жаңа мәліметтер алды.
Бұл іс-шара апталықтың басталуына серпін беріп, студенттер үшін шабыт пен таным көзіне айналды.
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.