Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Біртұтас тәрбие бағдарламасында «Тәрбие парадигмасын жаңарту» бағытында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті: соның бірі «заң және тәртіп құндылығы. Ал оның қағидаттары күнделікті өмірде заң туралы білімді қолдана білу, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолдау жөніндегі бастамаларға қатысуға дайын болу, жалпы әл-ауқат пен қауіпсіздікке ықпал ету үшін жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтай білу, төтенше жағдайларда ұйымдасқан және сабырлы әрекет ете алу.
Осы құндылықтың негізінде құндылықтарды ескере отырып, Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде педагог Б.С.Жұрқабаевтың жетекшілігімен 4 сәуір күні «Мен және заң» тақырыбында дебат ойыны өтті. Ойынға құрылған резолюция: «Заң барлық азаматтарға басты талап болуға тиіс». Мемлекет тарапынан сөйлеген спикерлер Курова Таисия мен Кирпичева Вероника заңның орындалуы барлығына бірдей болатындығын, заң қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігін және адамдардың өмірінің қауіпсіздігін сақтайтын басты кепіл екендігін дәлелдеді. Оппозиция тарапынан сөйлеген Копанева Елена мен Дундукова Валерия заңның кемістігін , уақытқа сәйкес келмейтіндігін және оған балама ретінде моральдық және салт-дәстүрлерді сақтау дұрыс болатындығын ұсынды.
Ойыннан кейін студенттер мен педагогтар пікірталас жасады. Студенттер заң мен моральдық құндылықтардың арасындағы байланысты түсінгендігін, заңның сақталуының артықшылығын өз пікірлерінде тілге тиек етті. Ойын танымдық және тәрбиелік әсер қалдырды.
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.