1 наурыз – Алғыс айту күні!
Бүгін – жүректер жылынып, алғыс пен мейірімге толатын ерекше күн! Бұл күн – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, жақсылықты бағалайтын сәт.
“Қазтұтынуодағының жоғары колледжі” ұжымы барша қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтайды! Біз білім мен ізгілік жолында бірге жүрген ұстаздарымызға, студенттерімізге және әріптестерімізге шексіз алғыс айтамыз!
Алғыс айту – жан жылуын бөлісу! Бүгін сіз де жақындарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға жылы сөз арнауды ұмытпаңыз!
Рақмет айту – өмірді нұрландырады!