2025 жылдың 17-21 ақпан аралығында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Маркетинг, есеп және аудит» циклдік комиссиясының апталығы өтті.
Апталықты колледждің әлеуметтік серіктесі - Беркат Консорциумының өкілі Г.А. Васильева және практикалық қызметкер (маркетолог) Сергеева Юлия қорытындылады. Студенттер дипломдармен, сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Маркетинг, есеп және аудит» циклдік комиссиясының арнайы пән оқытушылары Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” қатысуымен ашық сабақтар өткізді. Сабаққа М-9-22-2, ЕА-9-23-2 топтары қатысты.
Сабақ барысында студенттер sendpulse-те триггермен жазып чат- ботты құрастырды, Kahoot сервисі арқылы білімдерін сынады, 1С Предприятие бағдарламасында жалақыны есептеді. Студенттер білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсете білді. Әрбір іс-шара тәжірибелік дағдыларды бекітуге, ой-өрісін кеңейтуге бағытталды, сабақ соңында әзірленген өлшемшарттар бойынша студенттердің іс-әрекеті бағаланды, студенттер қызығушылық танытып, іс-шараларға белсенді қатысты.
«Маркетинг, есеп және аудит» циклдік комиссиясының әрбір мүшесі баға жетпес үлестерін қосты.