2025 жылдың 19 ақпанында «Жұмысшы мамандықтары жылы» және «Маркетинг, есеп және аудит» циклдік комиссиясының апталығы аясында Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде арнайы пән педагогі Нурмуханбетова Айнур Кадылбеккызы «Қызметкерлерге жалақыны, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есепке алу» кәсіптік модулі бойынша 04110100 «Есеп және аудит» мамандығының ЕА-9-23-2 тобында «Жалдамалы қызметкерлер үшін оңайлатылған түрде ЖК жалақысын есептеуді біледі» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы”мен педагогтардың қатысуымен ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Жалдамалы қызметкерлер үшін оңайлатылған түрде ЖК жалақысын есептеуді біледі.
Сабақ барысында Joyteka, Wooclap, Quizizz платформасы қолданылды.
Студенттер 1С Предприятие бағдарламасында жалақы есептеу, 1С-те жалақыдан салықтарды шегеру, 1С-те жалақыны жұмысшыға төлеу 1С Предприятие бағдарламасында тапсырмаларды орындады.
Сабақ мазмұнды, қызықты өтті. Студенттер белсенді болды.