2024 жылдың 5 қарашасында Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде ВТ-9-24-1 тобының студенттерімен қазақ әдебиетінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «Әңгіменің хас шебері. Бейімбет Майлин – 130 жыл».
Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жайимбаева Аяжан Арстанбековна ұйымдастырды. Сабақта жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы студенттер Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Сабақ барысында қолданылған әдістер:
1. Топтық жұмыс: Студенттер Qr- кодты сканерлец арқылы үш топқа бөлініп, әр топ пазл жинау арқылы тапсырмаларының тақырыбын анықтады. Бірінші топ Б.Майлин мен оның замандастарының фотосуреттерін жасанды интеллект арқылы “тірілтті”, екінші топ жазушының шығармашылығы бойынша ЖИ арқылы презентация жасады, ал үшінші топ “Шұғаның белгісі” шығармасы бойынша ЖИ қолданып, өлең құрастырды.
2. Жұптық жұмыс: Студенттер “Шұғаның белгісі” шығармасынан үзінділерді қазақ тілінен орыс тіліне аударды, бір-бірімен салыстырды
3. Жеке жұмыс: ChatGPT (жасанды интеллект) арқылы сабақтан алған әсерлерін бейнелейтін сурет жасады.
Сабақ студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттырды. Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы әдебиет пен технологияны байланыстырудың жаңа қырлары ашылды. Ашық сабаққа көрермен ретінде студенттердің ата-аналары мен колледж оқытушылары қатысты.