2024 жылдың 29 тамызында 2024-2025 оқу жылының алғашқы Педагогикалық кеңесі Астана қаласы “Әдістемелік орталығының” ТжКБ ұйымдарының оқу жұмысын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін бөлім басшысы - Алишева И.С. қатысуымен өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кусаинова Д.Г. оқу процесінде білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру бойынша 2024-2025 оқу жылындағы өзгерістер мен міндеттерді атады.
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бисимбаева Г.Т. - эксперименттік алаң және колледждің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру бойынша баяндама жасады
Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Суюндикова С.О. - жаңа оқу жылындағы кәсіптік практика бойынша міндеттемелерді, сонымен қатар дуалды оқыту, WorldSkills чемпионаты, мақсатты даярлау бағыттарының маңыздылығын атап өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева А.Т. - 2024-2025 оқу жылына қабылдау есебін және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.
Жаңа оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі кофе-брейкпен басталып, жаңа форматта ұйымдастырылды.
Жаңа оқу жылында педагогтерге шығармашылық табыс, кәсіби жеңіс тілейміз