Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 наурыздағы ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам Адал еңбек Адал табыс» атты отырысында берілген тапсырмасына сәйкес «Жаңартылған Біртұтас тәрбие» бағдарламасын ұсынылған болатын.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын сапалы және нақты орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 28 тамызында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің ұжымымен семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинарға барлық педагогтер, сондай -ақ колледжіміздің әкімшілік-шаруашылығымен айналысатын қызметкерлері де қатысты.

Семинар барысында колледждегі 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, құндылықтар декомпозициясы, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар мен іс-шаралардың жоспары, сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды.

Семинарға қатысушылар 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын былтырғы жоспармен салыстыра отырып, әріптестік ортада талдап, өзара бағамдау кері байланыс орнатты. Құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау мен оны жүзеге асыруда қандай проблемалар болуы мүмкін және оларды қалай шешуге болатындығы туралы өзара кері байланыс жасады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.