Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде география пәнінен педагог Қоңырбаев Ерлан Габитұлы М-9-23-3 тобында «Географические аспекты глобальных проблем» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ғаламдық мәселелер, оның ішінде, бейбітшілік, қарусыздандыру, экология, энергия, шикізат, демография, азық-түлік түрлеріне арналған тестік тапсырмаларды Kahoot! платформасында орындап, студенттер өз білімдерін байқатты.

«Глобальные проблемы современности» видеоролигін қарап, тыңдаған студенттер ғаламдық мәселелердің адамзатқа әсерін талқылады. Сабақта білім алушылар 2 топқа бөлініп, ғаламдық мәселелердің пайда болуы, одан шығу жолдарын шығармашылық жұмыспен көрсетті. Адамзат тіршілігінің болу-болмауының өзі экологиялық мәселелерді шешу, оның алдын алу жолдарын дәлелдеді. Табиғат ресурстарының аса көп пайдаланылуы ресурстардың азаюына алып келетінін баяндады. Студенттер презентациямен жұмыс жасап, кестелерді толтырып, жазба жұмыстарды жасады. Сабақ мазмұнды өтті.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.