2024 жылдың 21 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «АСТАНА ПОЛИТЕХНИК» жоғары колледжінде Астана қаласының жаңғырту орталығымен бірлесе отырып, елорданың колледж студенттері арасында «МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ БИЗНЕСІМ» қалалық байқауының финалы өтті.
57 қатысушының 18-і екінші кезеңге өтті. 2024 жылдың 21 ақпанында АСТАНА ПОЛИТЕХНИК колледжінде конкурстың финалы өтті. М-9-21-1 тобының студенті құрметті 3 орынды жеңіп алды. Нурова Аэлита бизнес жобасының тақырыбы мектеп оқушыларына арналған репетиторлық болды. Аэлита өзінің бизнес жобасын лайықты қорғап, қазылар алқасының сұрақтарына нақты және сенімді жауап берді. «Ең жақсы жұмыс – жақсы төленетін хобби» ©️ Генри Форд.