02.02 күні «Жыныстық тәрбие беру және қыз баласының өзін-өзі қорғауы» тақырыбында колледж психологы А.Е. Танирбергенова және арнайы әйел денсаулығы бойынша маман, коучинг-жаттықтырушы, нумеролог – Букенова Динара ханымның қатысуымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сондай-ақ, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтау арқылы тиянақтылыққа, тазалық қасиеттерді дамытуға тәрбиелеу.