Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«Тәтті өмір»

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде 12-16.02.2024ж. аралығында өткізілетін “Тамақтандыруды ұйымдастыру” циклдік комиссиясының апталығы аясында колледждің №3 зертханасында І,ІІІ курс студенттері арасында арнайы пәндер оқытушысы Айгүл Ермекқызы Мыңжасарованың жетекшілігімен “тәтті өмір” шеберлік сыныбы өткізілді.

Шеберлік сағаты білім алушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді. Сонымен бірге шығармашылық қабілеті бар және таңдаған мамандығын тереңдетіп оқуға ұмтылатын студенттерді анықтау, оқытушылар мен студенттер арасындағы достық қарым-қатынас орнату.
Іс-шара мазмұнды болып шықты, І курс студенттерінің мамандыққа қызығушылығы жоғары деңгейде болды, өз қолдарымен кекстер, пряниктер мен коктейльдер дайындады. Олар мастикадан мүсіндер жасады. Мастер-класта WorldSkills стандарттарына сәйкес жоғары курс студенттері ағылшын тіліндегі кәсіби терминдерді білу білімі бойынша викторина өткізді. Жалпы білім алушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.