2023 жылғы 20 – 25 желтоқсан аралығында «Позитивті әлем» атты психология апталығы өткізілді!
19.12 күні психология ғылымы жайлы студенттерге ақпарат беру, педагог және студент қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету мақсатында «Позитивті әлем» атты психология апталығының жоспары құрылып, бекітілді.
20.12. күні апталықтың ашылуы өткізілді. Студенттер және педагогтер «Көңіл-күй кемпірқосағы» газетіне өздерінің көңіл-күйлерін арнайы стикерлермен белгілеп, «Армандар орындалады» газетіне армандарын жазып, психогеометриялық тесттен QR-код арқылы өтіп, тест нәтижесімен танысты. Осы күні В.Х. Ряховскийдің «Тілтабысқыштық деңгейін анықтау» тесті студенттер арасында жүргізілді.
21.12. күні «Жүректен жүрекке» акциясы аясында студенттер өздерінің «сүйікті» педагогтеріне хат жазып, арнайы жәшікке салды.
«Мен қандаймын? Айналамдағылар мені қалай көреді? Қандай болғым келеді?» тренинг-жаттығуы колледж директоры М.Т.Кужимов мырзаның қатысуымен 4 курс студенттерімен өткізілді.
22.12. күні «Аяз Атадан сәлем» акциясы өткізілді.
Өзіне сенімділікті арттыру мақсатында «Мен өзімді мақтан ете аламын» тақырыбанда тренинг ТҰ9-20-2 тобымен жүргізілді.
25.12. күні апталықты қорытындылау және психологиялық босаңсу мақсатында «Сиқырлы сөздер» тренингі колледж педагогтерімен жүргізілді. «Жүректен жүрекке» акциясы аясында студенттердің педагогтерге арнап жазған хаттары таратылды. Апталық өз мақсатына жетіп, сәтті аяқталды.