Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2023 жылдың 15 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің акт залында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы» атты бостандық пен бірліктің маңыздылығын еске алу мақсатында іс-шара өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Экраннан Желтоқсан оқиғасына арналған бейнебаян көрсетіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.

Колледж директоры Мырзабек Төребекұлы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы сан ғасырлық ата-бабалар күресінің жалғасы болғандығын атап өтті.

Желтоқсанның ызғары Алматыдан бастау алып, сол кездегі Қазақ КСР-нің облыс, аудан, ауыл жастарының, көрші өзге де мемлекеттер жастарының қолдауына ие болып, бұл КСРО-ның тоталитарлық режиміне, аз ұлттарды жоюға бағытталған саясатына қарсы ең алғашқы ашық қарсылық екенін, әрі билікке соққы болғанын баяндады.

Дүние жүзінде өз алдына ту тігіп, мемлекет құруды армандап отырған халықтар қаншама?! Сондықтан тәуелсіздігімізді бағалағанымыз дұрыс екенін түсіндірді.

Тарих пәнінің педагогы Байділда Сауытқанұлы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы мен жастардың ерлігін дәріптеуді тілге тиек етті.

Есеп және аудит, маркетинг мамандықтарының бөлім меңгерушісі Гаухар Таңатқызы сол алаңдағы қазақ қыз - жігіттерінің бойында баға жетпес үлкен қасиеттердің бар екенінін, ата-бабаларымызға ұқсас өр рухтарының болғандығын, халық есінде мәңгі сақталатынын баяндады.

Студенттер көрініс көрсетіп, «Атамекен» әнін орындады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2023 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.