2023 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналаған «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» атты қоғамдық пәндер апталығының ашылуы колледждің акт залында болып өтті. 1 курс студенттеріне 1-ші қабатта орналасқан «Тарихты ұлы адамдар жасайды» атты фото таныстырылым көрсетілді, қазақ елінің тарихына шолу жасалып, тұлғалардың тарихи ойлары айтылды. Ұлт еркіндігін үстем ету үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рөлі үлгі етілді. Қоғамдық пәндер оқытушысы Б.С. Жұрқабаев «Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа тарихи қадам» бағдарламасына шолу жасады, «Тұран» университетінің э.ғ.к., профессор Б.М.Искаков Тәуелсіздік белестері мен студенттердің болашаққа көзқарасын тыңдап, пікір талас жүргізді.