21.11.2023 жылы арнайы пәндер педагогы Кусаинова Дина Гайдаровна М-11-23-2 тобында “Тауарларды сату және сатып алушылармен есеп айырысу” кәсіби модулінен “Тауарлы-материалдық қорларды 1С Кәсіпорын бағдарламасына кіріске алу” тақырыбында, ата-аналардың қатысуымен ашық сабақ өткізді.
Сабақ басталмай тұрып, педагог студенттерге жағымды психологиялық орта қалыптастырды. Студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, сабақта QUESTIONSTAR. 1С Кәсіпорын бағдарламасы, https://docs.google.com/ ресурстары қолданылды.
Сабақ практикаға бағытталғандықтан, студенттер 1С Кәсіпорын 8.3 бағдарламасында касса, тауарды кіріске алу операцияларын орындап, шоттар бойынша айналым-қалдық ведомостін құрды. Берілген тапсырманы студенттер мүлтіксіз орындап, нәтижелері интербелсенді тақтада Radmin бағдарламасы арқылы демонстрацияланды. Топ берілген тапсырмаларға белсенділік танытты.
Педагогтің білім беру барысын бақылау мақсатында 7 ата-ана, тәжірибе алмасу мақсатында 6 педагог қатысты.