2023 жылғы 20 қарашада педагог Сауханова Гульнар Кусаинкызы Математика пәні бойынша ЕА-9-23-2 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Туындыны табу ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Функциялардың туындысын табуды үйрету және дифференциялдау ережелерін есептер шығаруда қолдана алу. Сабақ мотивациялық «Нені арттырып, нені кеміткіңіз келеді?» деген сұрақпен басталып, ұжымдық бірлік күші көрсетілді. QR-код арқылы топқа бөлінген студенттер, үй тапсырмасын «Tarsia» әдісімен сұрақ – жауапты пирамида құру арқылы көрсете білді. Математикалық формулаларды табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтады.
Топтық жұмысты «Несие алу» тақырыбында (оқулықпен жұмыс, есептер шығару) және «Депозитке ақша салу» тақырыбында «Quizizz» платформасында сабақ бекітілді. Сондай –ақ «Оператор есебі» ретінде «Google formc» онлайн –инструменті арқылы студенттер бірін-бірі бағалады және «jamboard» сандық тақта арқылы өз пікірлерін жазу арқылы бағалады.
Студенттер сабақта өте белсенді болып, жаңа ойларын білдірді. Сабақтың барысымен танысып, оны бақылау мақсатында 5 ата-ана, өзара тәжірибе алмасу мақсатында 4 педагог қатысты.