2023 жылғы 20 қарашада педагог Дүйсенбаева Дана Сұлтанханқызы Қазақстан тарихы пәні бойынша М-9-23-2 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта қазақ хандығының құрылуындағы Ақ Орда мемлекетінің орнын, хан және хандар, сұлтандар мен билердің басқаруын «билік үштігін» айқындады. Сабақ мотивациялық бейнероликпен басталып, ұжымдық бірлік күші көрсетілді. Үй тапсырмасы «Kahoot» платформасында тест арқылы тексерілді. Жаңа сабақта «Жебе таңдау» әдісі арқылы топқа бөлінген студенттер зерттеу сұрағын алып, өз ойларын баяндады. Жаңа сабақ «Тарихи тұлғаға» хат жазу әдісімен бекітілді.
Студенттер білімдерін бірін-бірі бағалау парағы және смайликтермен бағалады. Студенттер сабақта өте белсенді болып, жаңа ойларын білдірді.
Сабақтың барысымен танысып, оны бақылау мақсатында 3 ата-ана, өзара тәжірибе алмасу мақсатында 3 педагог қатысты.