2023 жылғы 16 қарашада педагог Сембаева Шолпан Сагынбаевна Химия пәні бойынша ОП-9-23-1 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Проблемы охраны окружающей среды при производстве металлов» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: металдардың өздеріне тән ерекшеліктері мен олардың қоршаған ортадағы екідайлы қасиеті,металдар мен олардың қосылыстарының биологиялық жүйеге зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып,тақырып туралы ассоциация құрастырудан басталып,өткен тақырыптың жаңа сабақпен байланысы анықталып «сұрақ-жауап» әдісімен пысықталды. Студенттер 3 топқа бөлініп берілген мәтіндермен жұмыс жасап, «жуан және жіңішке» сұрақтарға жауап берді.Экологиялық мәтіндегі сұрақтарды талдау барысында студенттердің белсенділігі арта түсті.
Сабақтың барысымен танысып, оны бақылау мақсатында 5 ата-ана, өзара тәжірибе алмасу мақсатында 4 педагог қатысты.