2023 жылдың 15 қарашасында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің педагогы Загипарова Сауле Тулегеновна ВТ-9-23-1 тобында ата-аналардың қатысуымен «Квадрат теңдеулерге келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабаққа Сембек Нұрғалидың, Дыбыс Сәулетаның, Игорь Боевтың ата-аналары қатысты.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың барлық кезеңдері жүйелі және логикалық байланысты болды. Жұмыстың әртүрлі формалары біріктірілді: жеке, топтық, сараланған. Білім, білік, дағдыны жүйелі және дәйекті қалыптастыру принципі сақталды.
Сабақта көрнекі материалдарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін дамытуға, теория мен практиканың байланысын ашуға ықпал етті. Студенттер өз бетінше қорытынды жасау үшін білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдана білу қабілеттерін көрсетті.
«INSERT» стратегиясы бойынша топпен жұмыс жасау арқылы ЖАҢА ТАҚЫРЫП ашылды.
Сабақта достық атмосфера болды, студенттер өздерін айтарлықтай еркін сезінді. Сабақ барысында педагог студенттермен қарым-қатынаста байсалдылық, достық сияқты жеке қасиеттерді көрсетті. Оның сөзі сауаттылығымен, эмоционалдылығымен және баяндау еркіндігімен ерекшеленді.
Сабақ барысында педагог студенттерді мадақтауды, сол арқылы топта жағымды эмоционалды жағдай туғызуды ұмытпады. Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, студенттердің белсенділіктері мен қол жеткен нәтижелерін өздері бағалады.