2023 жылғы 16 қарашада педагог Журкабаев Байділда Саутканұлы Дүниежүзі тарихы пәні бойынша М-9-23-1 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Завоевательные походы Наполеона и его влияние на Европу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Наполеонның жаулап алулары, соның нәтижесінде Еуропаны өзгерткен реформаларын талдау. Сабақ «Жетістік ағашы» әдісі арқылы психологиялық ахуалмен басталып, үй тапсырмасы «Kahoot» платформасында пысықталды. Студенттерге топтық жұмыс жүргізіліп, бейнероликтер арқылы мамандықпен байланыстырды.
Студенттер жоғары белсенділік танытты. Сабақтың барысымен танысып, оны бақылау мақсатында 3 ата-ана, өзара тәжірибе алмасу мақсатында 5 педагог қатысты.