2023 жылғы 15 қарашада педагог Құндызбекова С.М. Қазақстан тарихы пәні бойынша А-9-23-2 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Құтты жерді қорғау мен сақтаудағы ата-бабалардың рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының жағдайын талдау; шапқыншылықтарды тойтаруды саралау, «Ақтабан шұбырынды» жылдарын зерттеу.
Сабақ мотивациялық бейнероликпен басталып, сабақ барысында генератор онлайн-инструменті, топтық жұмыс жүргізіліп, сабақ «Пликерс» әдісі арқылы бекітілді, студенттер QR-код арқылы бағаланды.
Студенттер жоғары белсенділік танытты. Сабақтың барысымен танысып, оны бақылау мақсатында 5 ата-ана, өзара тәжірибе алмасу мақсатында 7 педагог қатысты.