10.11.2023 ж Қазтұтынудағының жоғары коллледжі М-11-22-2 тобының студенттері КМ 07 "Сауда залдарында және сауда орындарында сыртқы, тақырыптық витринаны безендіру" модулі бойынша "Сандық дәуірдегі мұражайлық коммуникация стратегиясын құру ерекшеліктері" атты еркін тақырыпты ашу мақсатында оқытушымен бірге Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына барды.
Студенттер заманауи көрме технологиялары: екі залға жұмыс істейтін арнайы контенті бар бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, толып жатқан медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылатынын өз көздерімен көріп, тың әсер алып қайтты